Құрметті Макинск қаласының тұрғындары!
"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау мақсатында 2025 жылғы 9 маусымда Макинск қаласының әкімі Молдағали Камитұлы Кеженевтің Макинск қаласының тұрғындарымен кездесулері өтеді:
- сағат 11.00-де "Арман" аула клубының ғимаратында (Каменный Карьер кенті);
- сағат 14.00-де Макинск қаласының мектеп-лицейінде (Зоя Космодемьянская көшесі, 67).
Кездесулер өткізілгеннен кейін Макинск қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады.
"Макинск қаласы әкімінің аппараты" ММ