Ақмола облысында алдағы үш жылда 16 мәдениет ошағы салынады.
Жаңа нысанның барлығы қалаға шалғай орналасқан ауылдарда бой көтермек. Ол үшін ел қазынасынан 4 жарым млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ ескірген мәдениет нысандарын да қалыпқа келтіру көзделген. Тек осы жылдың өзінде оннан астам өнер ошағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2024 жылды алсақ, бөлінген қаржы 6,3 млрд теңге. Оның ішінде 8 мәдени нысанды салу үшін 3,3 млрд теңге, 13 мекеменің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд теңге және блок-модульді қазандық сатып алу үшін 225,5 млн теңге бөлінді.