Ақмола облысының 80-ге тарта ауылында биыл инфрақұрылым жаңарады. Бұл туралы облыс әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық даму туралы отырысында айтылды.
Ауылдарды көркейтуге бағытталған жұмыстардың басым бөлігі "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында іске асады. Соның шеңберінде ауылдардың жолдары жөнделеді, жылу-электр желілері жаңарады, мәдениет пен спорт нысандары салынады. Оған қоса ауылдардың мектептері мен медициналық нысандарын жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Бқл мақсатта бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінбек.