«Құқық кабинетінің қызметі» туралы

«Құқық кабинетінің қызметі» туралы

    

Құрметті Ақмола облысы Бұланды ауданының Қапитоновка ауылдық округі тұрғындары!

Ақмола облысының Бұланды ауданының Қапитоновка ауылдық округі азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZAN Komegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

Құрметті азаматтар Бұланды ауданының Қапитоновка ауылдық округі құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз (Достық көшесі, 50, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.