Ақмола облысының шаруаларына 115,6 млрд теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді

Ақмола облысының шаруаларына 115,6 млрд теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді

Өткен жылы ақмолалық аграрийлерге 115,6 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Олардың ішінде 55,9 млрд теңге қайтарымсыз субсидияларды құрайды.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы секторы өндірген өнімнің өткен жылғы көлемі 741 564 млн теңгеден асты. Оның тең жартысы өсімдік шаруашылығына, тең жартысы мал шаруашылығына тиесілі.