Мүгедектігі бар балалардың үй жағдайында білім алу шығындарын өтеу.

Мүгедектігі бар балалардың үй жағдайында білім алу шығындарын өтеу.

Әлеуметтік көмектің тағы бір түрі - мүгедектігі бар балалардың үй жағдайында білім алу шығындарын өтеу. Ақмола облысында биыл мұндай 332 балаға ай сайын 11 076 теңге көлемінде жәрдемақы төленбек.

Оған қоса өңірде 463 отбасыға биыл 52 млн. теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған. Осылайша, жалпы облыс бойынша 4 мыңнан астам отбасы 1 млрд. теңге көлемінде жәрдемақы алады.

"Облысымызда Ауған соғысының 705 ардагері мерекеге орай 92 300 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алды. Отан қорғаушылар күніне орай шетелдердегі әскери іс-қимылдар қатысушыларына 32 млн. теңге жәрдемақы бөлінеді, сондай-ақ Черноболь АЭС апатын жоюға қатысқандарға 35 млн. теңге қарастырылған", - деп хабарлады Шолпан Рахматуллина.