Ақмола облысы бойынша көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемінің қалдықтарын бөлуге өтінімдерді қабылдау ашық екенін хабарлайды

Ақмола облысы бойынша көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемінің қалдықтарын бөлуге өтінімдерді қабылдау ашық екенін хабарлайды

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ақмола облысы бойынша көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемінің қалдықтарын бөлуге өтінімдерді қабылдау ашық екенін хабарлайды.              

Операторлар – «Petro Retail» ЖШС 200 тонна, «Вишневская нефтебаза» ЖШС – 30 тонна, «Жаксынская нефтебаза» ЖШС – 600 тонна (барлығы 3 оператор бойынша 830 тонна сатылмаған отын).

Өтінімдерді бұрын ЖЖМ алуға ұсынбаған АШТӨ ғана бере алады.

Көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алу үшін биылғы жылдың 14–20 мамыр аралығында «gosagro.kz» сайтында көлем қалыптастыруға өтінім беріп, операторды таңдау қажет.