Шеруге Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық түріндегі 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысты. 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақты қоса алғанда, 200-ден астам әскери қару мен техника жұмылдырылды.
Механикаландырылған колонна құрамында алғаш рет "Бук", "Тор" зениттік-зымыран кешендері, "Барыс", "Алан", "Айбар", "Таймас", "Террекс" доңғалақты жауынгерлік машиналары, сондай-ақ миналарды залалсыздандыруға арналған роботтары бар арнайы автомобильдер ұсынылды.
Сондай-ақ, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын шығаруды жоспарлап отырған жауынгерлік машиналар, роботты қайықтар және ұшқышсыз ұшу аппараттары ұсынылды.
Әуе кеңістігінде А-400 әскери көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және B-300 патрульдік ұшағы ұшты.