Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің көпұлтты елімізде тұратын әрбір адамға жақын әрі қымбат.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бірлік пен ынтымақ, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осынау мызғымас қағидаттардың барлығы еліміздің ілгері дамуының негізін құрайды. Осы қағидаттарға сүйене отырып, біз өзіміздің тәуелсіздігімізді сақтап, одан әрі ілгерілете және одан әрі қарай жалғастыра аламыз» деген болатын.
Бұл сөздер Қазақстанның кең ауқымды мәдениеті мен дәстүрлерін баға жетпес байлығымызға айналдырған мемлекетіміздің іргелі қағидаларын жақсы көрсетеді. Ынтымақ, бірлік, отансүйгіштік ұлттық кодтың өзегіне айналды.

Биыл бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын тойлап жатқанымыздың символдық мәні бар. Ассамблея жұмыс істеген жылдар ішінде қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, бірлік пен теңдіктің, татулық пен келісімнің шынайы символына айналуға өлшеусіз үлес қосты.

Республикамыз бен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық негізгі жетістіктер бүкіл этнос өкілдерінің бірлігінің, достығы мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтпеске болмайды. Біздің әл-ауқатымыздың іргетасына айналған бұл іргелі құндылықтар бүкіл әлем жаһандық қақтығыстар мен ауыр катаклизмдерді бастан кешіріп жатқан бүгінгі күні ерекше маңызды.
Болашақта бірлігімізді нығайтып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, барлық қиындықтарды абыроймен жеңіп, жаңа табыстарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Құрметті жерлестер!

Осы мереке күні біздің әрқайсымыз достығымыз бен келісіміміздің, бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметіміздің бізге қаншалықты қымбат екенін ерекше сезінеміз.

Баршаңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, амандық және өзара түсіністік тілеймін! Сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейіп,гүлдене берсін!