31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бұл дата елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.
Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Оның ішінде Кеңес Одағы аумағында тұратын түрлі ұлттардың өкілдері болды.
Сол жылдары 40 миллионға жуық адам белгілі бір дәрежеде қуғын-сүргінге ұшырады. 1921 жылдан 1954 жылға дейін Қазақ КСР — де 100 мыңға жуық адам сотталып, 20 мыңнан астамы атылды.
Қазақстан халқы саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен миллиондаған қандастарының бастан кешкен жан түршігерлік оқиғаларын мәңгі жадында сақтайды!