Бүгін 13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылғанына мерейлі 30 жыл толып отыр.

Бүгін 13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылғанына мерейлі 30 жыл толып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Құрметті ел тыныштығының сақшылары!
Мемлекетте бейбітшілік пен татулықты, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуде, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтап, бәрінің заң алдында теңдігін қалыптастыруда Сіздерге артылар жүк ауыр.
Құрамына барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері кіретін Комитет қызметкерлері еліміздің тыныштығы үшін күндіз-түні талмай қызмет етуде. Осынау қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметте аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, ұлт мүддесін, Ел тыныштығын, ұлтаралық келісімді сақтау жолындағы еңбектеріңізде толайым табыстар тілеймін. Ел іргесі тиыш, халқымыз аман болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Біржан сал ауданының әкімі                          Есжанов Д.Б.