Ұлттық домбыра күні

Ұлттық домбыра күні

Ұлы мұрамыз­ды ұлықтайтын қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Баршыңызды осынау мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман, егеменді еліміздің еңсесі биік болып, бейбітшілік ұйыған кезеңде бақытты өмір сүріп, еліміз жасап, жаңарып, өсіп-өркендей берсін! Ұлттық Домбыра күні құтты болсын жерлестер!

Достанбек Есжанов,
Біржан сал ауданының әкімі