Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина жедел штаб өткізді

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина жедел штаб өткізді

20 қаңтарда Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, әкімдердің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, МСАК бас дәрігерлері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшылары, білім бөлімдерінің қатысуымен жедел штаб өткізді.

Күн тәртібінде вакцинация және ревакцинация мәселелері талқыланды. Облыста аурушаңдықтың жоғары болуына байланысты, сондай-ақ аурушаңдықтың 65%-ы 3 аймаққа тиесілі: Бурабай ауданы, Көкшетау және Степногорск қалалары, осы аймақтардың, сондай-ақ Целиноград, Зеренді аудандарының, Қосшы қаласының өкілдерінен вакцинациямен және ревакцинациямен қамтудың ең төмен көрсеткіштері бойынша жоғарыда аталған мәселелер бойынша ақпарат тыңдалды.
Айта кетейік, 19 қаңтардағы жағдай бойынша бір тәулікте COVID-19-ның зертханалық расталған 750 жағдайы тіркеліп, тәулігіне өсу 1,4%-ды құрады. 2022 жылы, өкінішке орай, 8 өлім-жітім тіркелді.
Науқастардың арасында мектеп оқушылары – 55, мектеп жасына дейінгі балалар – 15, ересектер – 657, 14 жасқа дейінгі балалар – 93 адам ауырған.
Жұқпалы аурулар ауруханасында 519 науқас ем қабылдауда. Аурухана төсек-орын қорының қамтылу пайызы 43% құрады. 4081 байланыста болған адам үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында, тәулігіне 875 адам бақылауға алынды.
Облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарына, әсіресе жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға және жасөспірімдердің заңды өкілдеріне, 60 жастан асқан азаматтарға қазіргі жағдайда КВИ-мен сырқаттанушылық қайта өсіп, эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отырған кезде вакцинация және ревакцинация азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі құралы болып қала беретіндігін еске саламыз.
Сізге шешім қабылдап, дәрігерге жүгінуді және вакцинация арқылы инфекциядан қорғауды ұсынамыз.

Медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін егу пунктерінде коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға немесе вакцинаның үшінші дозасын алуға болады. Вакцинация тегін жүргізіледі.