Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

Ақмола облысының аумағында карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында Ashyq жобасына қатысушылар үшін жұмыс уақыты сағат 00:00-ге дейін, «көшбасшылар» үшін 02:00-ге дейін қысқартылды. Ал жобаға қатыспайтын кейбір объектілер шектеу талаптарын сақтап, 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, құжатта жеке және заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылған:

1) ҚР БМСД-ның № 38 қаулыға № 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықты сақтауды қамтамасыз ету;

2) ҚР БМСД-ның № 56 қаулысын сақтай отырып, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

3) қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі ҚР және Ақмола облысы БМСД-нің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылсын;

4) әлеуметтік қашықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше реткі бетперде) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілсін;

Бұдан басқа, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік діни, спорт-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, форумдарды, конференция және т.б.), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сондай-ақ ашық ауада өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық/облысаралық, тұрақты автобустардың (шағын автобустардың); облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың қозғалысы, мәдениет объектілерінің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармонияның, банкет залдарының, бильярд, боулинг клубтарының қызметі тоқтатылады.

Қаулы 14 қаңтардан бастап күшіне енеді.


inform.kz