Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Өткен жылдың қазан айында және ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік органдардың ұсынған ұсыныстары және анықтамалардың күшін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінде өзгерістер енгізілді, атап айтқанда 9 мемлекеттік көрсетілетін қызмет алынып тасталды.

- Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтер беру;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру;

- Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру;

- Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;

- «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру;

- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;

- Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме беру;

- Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімдерінен, тауар шығарылған жерлердің атауларынан үзінді көшірме беру;

- Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама.

Анықтамаларды алып тастағаннан кейін мұндай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы:

1) мекенжай анықтамасы дербес деректердің болуын ескере отырып, үшінші тұлғаларға арналған сервис арқылы беріледі (https://egov.kz/cms/ru/services/pass_sr11);

2) есепке алынуы Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ақпараттық ресурста қолжетімді ету болып табылады kgd.gov.kz (https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web);

3) азаматтың жеке өзіне қажетті кейбір мәліметтер оның «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде қосымша көрсетіледі;;

4) мемлекеттік органдар үшін интеграциялық өзара іс-қимыл;

5) «Электрондық үкімет» порталында жалпыға қолжетімді нысанда жүзеге асырылады.