Күрделі жөндеуден өткен Абай атындағы білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов қатысты

Күрделі жөндеуден өткен Абай атындағы білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов қатысты

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Бұл тұрғыда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі» деп, осы салаға ерекше басымдық беру қажеттігін айрықша атап көрсеткен болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан балалар мен жастардың білім алуына барлық жағдай мен мүмкіншіліктер жасалуда.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауданымызда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен күрделі жөндеуден өткен Абай атындағы білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов қатысты. Жалпы облыс тарапынан жөндеу жұмыстарына 217 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі мектептің жаңарған келбеті жиналған қауымның жүрегінде мақтаныш сезім ұялатты.
Іс-шара барысында ұстаздарды, оқушыларды және жиналған қауымды Достанбек Берікұлы айтулы күнмен құттықтап, алдағы уақытта сәні мен салтанаты жарасқан білім ордасында елімізге бетке ұстар азаматтары білім алып шығады деген ниетін айтып, ұстаздар қауымына зор денсаулық, шығармашылық табыс, бәсекеге қабілетті жас дарынды оқушыларының көп болуын тіледі. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізген «SCS Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысын білдірді.