Бала тууы бойынша төлемдер

Бала тууы бойынша төлемдер

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған.

Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу үшін жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке куәлігі, банк шоты туралы анықтама қажет.