Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Біржан сал ауданында кезекті спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Макинка ауылының балалары бірнеше спорт түрімен қатар айналыса алатын жаңа салынған спорт алаңы соңғы үлгідегі спорт құрал-жабдықтарымен жасақталған. Сонымен қатар, балалар ойын алаңы мен жастардың жаттығу жасап шынығуына арналған Стрит воркаут орнатылған. Осы аптада бұл спорт алаңы ашылуының үшінші салтанаты. Осыдан бұрын Андықожа батыр және Еңбекшілдер ауылдарында осындай алаңдарды ашу бойынша іс-шаралары өткізілді.
Ашылу салтанатына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Сағатұлы Балпан, аудан әкімі Достанбек Берікұлы Есжанов, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Қайратұлы Бүкібаев, аудандық мәслихат хатшысы Серік Жанатұлы Шәуенов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуандықұлы Дәукенов, төтенше жағдайлар бойынша бөлімнің бастығы Денис Сергеевич Шелкоплясов, әлемнің төрт дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені, спорт шеберіне үміткер Сергей Валерьевич Цырульников қатысты.