Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған ұлттық және халықтық спорт түрлерінен "Құлагер" спартакиадасы өтті

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған ұлттық және халықтық спорт түрлерінен "Құлагер" спартакиадасы өтті

Көкшетау маңындағы Красный Яр ауылының ипподромында өткен жарысқа облыстың 17 ауданынан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан спортшылар қатысты. Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, қатысушылар көкпар, қазақ күресі, армрестлинг, гір спорты, тоғызқұмалақ, асық ату, городошный спорт, Аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату және бәйге сияқты спорт түрлерінен жарысты. Барлық командалар жақсы дайындықтарын көрсетті. Біржан сал ауданының спортшылары спорттың барлық 11 түрі бойынша жалпыкомандалық 6 орын, ал жеке спорт түрі бойынша Теңге ілу - 1 орын алды.