ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

2021 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.