eGov mobile: қазақстандықтар вакцинацияға мобильдік қосымшада жазыла алады

eGov mobile: қазақстандықтар вакцинацияға мобильдік қосымшада жазыла алады

Вакцинаны алғысы келетін азаматтар eGov mobile платформасы арқылы кезекке тұра алады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.

Министрдің айтуынша, мұндай жүйе алдымен пилоттық режимде іске қосылады. "Вакцинацияға eGov mobile қосымшасы арқылы алдын ала жазылуға болады. Барлық техникалық мәселелер шешілді. Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан келісім алғаннан кейін бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосамыз. Бұған дейін министр қазақстандықтарға Министрліктің атына немесе тікелей телекоммуникация комитетіне барлық өтініштерді ресми ресімдеу туралы өтініш білдірген болатын.