Қазақстанда 174 мыңнан астам адам вакцинацияланды

Қазақстанда 174 мыңнан астам адам вакцинацияланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуірде облыстар мен қалалар бойынша ҚР-да вакцинацияланған адамдардың саны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда барлығы 174 269 адам вакцинацияланды. Ең көп вакциналанғандар Алматы (38 905) және Нұр-сұлтан (14786) қалаларында , сондай - ақ Алматы және Қарағанды облыстарында-тиісінше 15040 және 10918 адам. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды.