"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан әкімі Достанбек Есжанов Заурал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығымен кеңес өткізді

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан әкімі Достанбек Есжанов Заурал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығымен кеңес өткізді

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан әкімі Достанбек Есжанов Заурал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығымен кеңес өткізіп, онда жергілікті жерлерде туындаған бірқатар мәселелер талқылады. Кездесу барысында ұзындығы 19 км "Заураловка-Құдықағаш" автожолын "Ақсу-Торғай" трассасына дейін жөндеу қажеттілігі, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, мал жаю үшін жердің жетіспеушілігі, елді мекен аумағында мобильді байланыстың сапалы қызметтерін және тұрақты ғаламторға қосылуды ұсыну, сондай-ақ электрмен үздіксіз жабдықтау (электр желілерін жаңғыртуды жүргізу қажеттілігі бар) туралы мәселелер айтылды. Заурал ауылдық округінің әкімі Толқын Бужбановқа нақты орындау мерзімі бар тиісті тапсырмалар берілді.