Қазақстан коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "сары аймақта" тұр

Қазақстан коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "сары аймақта" тұр

Сырқаттанушылықтың таралу деңгейінің көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы Түркия да орналасқан орташа тәуекел аймағында немесе "сары аймақта" тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.
"Бүгінгі таңда әлемнің 220 елінде коронавирустың 95 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Екі миллионнан астам адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің жаһандық көрсеткіші 2,1% құрайды. ДДҰ-ның алты аймағының үшеуінде: Америка, Батыс Тынық мұхиты және Африка вирустың тұрақты өсуі жалғасуда. Еуропалық, Шығыс Жерорта теңізі өңірлерінде аурудың төмендеу белгілерінсіз тұрақты жоғары деңгейі байқалады", - деп хабарлады министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, төмендеу үрдісі тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде байқалады. "Аурудың таралу деңгейінің көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы орташа тәуекел аймағында немесе Түркия орналасқан "Сары аймақта" тұр. "Қызыл аймақта" Украина, Ресей, Беларусь, Германия, Италия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдер бар. Оңтүстік Корея мен Сингапур "жасыл аймақта" тұр, - деді Алексей Цой. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Үкімет отырысы өтуде. Отырыстың күн тәртібінде – санитарлық-эпидемиологиялық жағдай.