Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Біржан сал ауданы әкімінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 32 «Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
әкімдік қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
әкімдіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 1–30 маусым.
Талданатын кезең: 2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 31 мамырға дейін.
Әкімдік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде төмендегілер анықталды:
Нормативтік құқықтық актілер бағыты.
Талдау кезеңінде Әкімдік тарапынан 2 нормативтік құқықтық акт әзірленді, тәуекелдер анықталған жоқ.
Персоналды басқару бағыты.
Штат саны – 108 бірлік, нақты саны – 89, бос жұмыс орындарының саны – 19.
Талдау барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Талдау кезеңінде тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану кезінде тәуекелдер анықталған жоқ.
Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар.
Талдау кезеңінде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған 50 конкурс өткізілді, оның ішінде 8 ішкі конкурс және 42 жалпы конкурс. Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 «Әкімшілік мемлекеттік корпусының «Б» лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізілді.
Таза ауысымдылық талдау кезеңінде – 0 бірлікті құрады.
Талдау кезеңінде кадр мәселелері бойынша келіп түскен шағымдар саны – 1.
Тәртіптік жазалар.
Талдау кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны – 19 адам.
Тікелей бағыныстылықта болатын жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқаруы және мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу фактілері анықталған жоқ.
Бағыт – Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініштер мен оларға берілген жауаптарды зерделеу барысында тәуекелдер анықталған жоқ.
Бағыт – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер».
Біржан сал ауданында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, спорт, әскери есепке алу, экономика және жұмыспен қамту бөлімі, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 60 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының қорғаныс саласы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну»;
«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 10 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы түпкілікті шешім беру;
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең);
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (бірінші кезең);
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (екінші кезең);
Жер учаскесінің бөлінетіндігін немесе бөлінбейтіндігін айқындау;
Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру;
Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату;
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;
«Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»;
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»;
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы жөнінен үзінді көшірме беру»;
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қала шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды сатып алу»;
«Объектілерді кәдеге жаратқаннан кейінгі жұмыстар кешенін (ғимараттарды бұзу) жүргізуге шешім беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 8 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, кезекке қою, сондай-ақ тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдауы»;
«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жекешелендіру»;
«Тұрғын үй сертификаттарын беру»;
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою»;
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару»;
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»;
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын беру»;
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Спорттық разрядтарды: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разрядының спортшысы, 2-жасөспірімдер разрядының спортшысы, 3-жасөспірімдер разрядының спортшысы және біліктілік санаттарын: жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі» беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға тіркемелердің, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)), тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе оның телнұсқасын беру»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру»;
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізіліміне сәйкес, Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 23 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
«Еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту»;
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және куәліктер беру»;
«Ақталған адамға куәлік беру»;
«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекші қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу»;
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
«Өлімді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазу жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру»;
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою»;
«Некеге тұруды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазу жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазу жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазу жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді ұсынуға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.
ҰСЫНЫМДАР:
Қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында жүйелер мен дерекқорларды интеграциялау мәселесін қарастыру, сондай-ақ қызмет алу үшін қажетті құжаттарды бұрмалау тәуекелдерін болдырмау. Куәліктерді беру форматын қағаз түрінен пластикалық картаға ауыстыру және электрондық үкімет порталы арқылы электрондық фотосуретті тіркеу мүмкіндігін қарастыру, бұл ТМК беру процесін толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 14-тармағына және Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы ауданның, қаланың, ауылдың, кенттің аумағында кемінде 5 жыл тұратын жеке тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру арқылы артықшылық беріледі.
Жоғарыда көрсетілген заңнама нормаларында конкурсқа қатысушы жеке тұлғаның кемінде 5 жыл тұру фактісін анықтаудың нақты тәртібі белгіленбеген.
Осыған байланысты конкурсқа қатысу өтінімінде тұру мерзімінің көрсетілмеуі және қатысушының тұрғылықты жері бойынша кемінде бес жыл тұрғанын растайтын құжаттардың ұсынылмауы жер комиссиясы мүшелері мен өтініш беруші үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды.
ҰСЫНЫМДАР:
Жер заңнамасына конкурсқа қатысушының тиісті аумақта тұру мерзімін өтінімде көрсету және кемінде бес жыл тұрғанын растайтын құжаттарды ұсыну міндетін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру.
Қазіргі уақытта жер қазу жұмыстарын жүргізуге ордер беру бойынша рұқсат беру рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген. Соның салдарынан аталған рұқсат беру рәсімінің тәртібі мен мерзімдерін, оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды және қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін, бас тарту негіздерін, шағымдану тәртібін реттейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенті бекітілмеген.
Бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кедергілер туындатып, мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау тәуекелін арттырады.
Айта кету қажет, аталған рұқсат беру рәсімі Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңымен бекітілген рұқсаттар тізбесіне енгізілген, осыған байланысты оны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу қажет.
ҰСЫНЫМДАР:
Аталған функцияны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу мәселесін қарастыру.
Жүргізілген талдау барысында жүргізуші лауазымына қызметкерді алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатсыз жұмысқа қабылдау фактісі анықталды, бұл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын бұзады.
ҰСЫНЫМДАР:
Жүргізуші лауазымына қызметкерді қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қарастыру.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, жұмысқа орналасу кезінде ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеме қызметінде осындай бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу.
Бөлім мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тікелей байланыс болуы мүмкін, бұл субъективті көзқарасқа, өтініштерді қарау мерзімдерін негізсіз созуға және өзге де сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасауы ықтимал.
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау тәуекелі бар. Атап айтқанда, 2025 жылдың соңында аудан прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде осы мемлекеттік қызмет аясында бюджет қаражатының негізсіз төлену фактісі анықталған.
Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін және оларды азайту бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді, оның ішінде қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру қажет.
ҰСЫНЫМДАР:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және болдырмау мақсатында аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті тиісті мемлекеттік портал арқылы тек электрондық форматта ұсынуды қамтамасыз ету орынды.
Бұл лауазымды тұлғалар мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмауға, рәсімнің ашықтығын арттыруға, өтініштерді қарау және шешім қабылдау процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ ашықтық, объективтілік және мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қызмет алушының санаторий-курорттық ұйымға келген және кеткен күндерін міндетті түрде электрондық түрде тіркеу тетігін енгізу ұсынылады.
Бұл шара санаторийде нақты болған күндер санын дұрыс есепке алуға, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуге және негізсіз төлемдер тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.
Әкімдік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша келесі ұсынымдар берілді: