Енді ауыл тұрғындары мобильді интернетті пайдалана алады және әрдайым жақын адамдарымен байланыста болады
Ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне қолжетімділікті арттыру негізгі түйінді міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Андықожа батыр ауылында "АЛТЕЛ" және "Теле 2 Қазақстан" мобильдік байланысын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.