"Көкшетау энерго" филиалы Еңбекшілдер АЭЖ бөлімшесінің күшімен Жөкей ауылында жаңа электр беру желісін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде

"Көкшетау энерго" филиалы Еңбекшілдер АЭЖ бөлімшесінің күшімен Жөкей ауылында жаңа электр беру желісін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Бұл мәселені Жөкей ауылының тұрғындары ағымдағы жылдың 23 қазанында аудан әкімі Достанбек Есжановтың жеке қабылдауында айтылды, оның қорытындысы бойынша жаңа электр энергиясын салу жөнінде шешім қабылданды. Жоғарыда аталған электр беру желісі осы елді мекенге электр энергиясын үздіксіз беруді жақсартуға арналған. Жаңа желі жалпы ұзындығы 650 метр болатын 17 тірек пен ССП сымдарынан тұрады. Осы электр желісінің жұмысын аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Ауданымыздың халқын электр желісінің сенімді, тиімділігі жоғары және үздіксіз жұмысымен қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен жайлылығын жақсарту маңызды.