2025 жылдың екінші жартыжылдығында
Біржан сал ауданы әкімі, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің халықпен кездесулер өткізуі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 17–21 қараша аралығында ауданда халықпен 40 кездесу өткізілді, оның ішінде:
• 14 кездесу – аудан әкімінің қатысуымен;
• 26 кездесу – қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен.
Кездесулер өткізу кестелері «Еңбекшілдер жаршысы–Вести Енбекшильдерья» аудандық газетінде жарияланып, аудан әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылды, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджері арқылы таратылды.
Іс-шараларға 818 адам қатысты.
Кездесулер барысында 26 тұрғын сөз сөйлеп, барлығы 61 сұрақ қойылды. Экономикалық немесе саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Аудан тұрғындарын толғандырған негізгі мәселелер: – жер қатынастары – 3; – жолдарды жөндеу және салу – 14; – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу және салу – 6; – сумен жабдықтау, электрлендіру, телефондандыру және интернет жүргізу – 16; – кәсіпкерлік – 0; – ауыл шаруашылығы және ветеринария – 0;– абаттандыру, санитарлық тазалық және экология – 8; – басқа мәселелер – 14.
Кездесулер ұйымдасқан түрде өтті, облыс, аудан, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің атына сын-ескертпелер айтылған жоқ.
Біржан сал ауданы әкімінің аппараты