Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы С-8/5 «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне бір рет үш айдан кешіктірмей 145 (жүз қырық бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне бір рет үш айдан кешіктірмей 145 (жүз қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) амбулаториялық емдеудегі туберкулездің белсенді түрлерімен ауратын адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ 6 айдан артық емес;
5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
8) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емдеуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызмет шығындарын төлеуге ай сайын 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ 7 айдан артық емес;
11) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне өтініш бойынша кірістері ескеріле отырып көрсетіледі:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
|
|
|
|
|
Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы |
|
Н. Қуатова |