«Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының шешімінің жоба

«Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының шешімінің жоба

«Біржан сал ауданында

тұрғын үй көмегін көрсету

мөлшерін және тәртібін

айқындау туралы» Біржан сал

ауданы мәслихатының 2024 жылғы

15 тамыздағы № С-14/5

шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының               97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы                            8 желтоқсандағы № 117 сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихаттың 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8822-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері                         мен Қағидаларын айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері                      мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын»;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері                         мен Қағидалары»;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға                                және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.».

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Біржан сал ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                         Н. Қуатова