Степняк қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі

Степняк қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі

Біржан сал ауданының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Степняк қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатқандығын хабарлайды. Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде қала аумағының белгілі бір бөлігінде уақытша шектеу шаралары қолданылатын болады. Осыған байланысты, азаматтардан өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.