Біржан сал ауданының әкімі Б.Қасенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Біржан сал ауданының әкімі Б.Қасенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Қабылдау барысында қала тұрғыны Сәбитов Б.З. жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде өтінішін білдірді. Сондай-ақ, көпбалалы ана, Үлгі ауылының тұрғыны Ә.Б. Сұлтанғазина коммуналдық төлемдерді өтеу мәселесі бойынша жүгінді.
Әкім барлық өтініштерді мұқият тыңдап, оларды назарға алды және қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді.