«Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

«Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы

Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі

№ 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23444 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-ші жолына сайлау учаскесінің заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты келесі өзгеріс енгізілсін:

«

5.

 

№ 250 сайлау учаскесі

Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Макинка ауылындағы клубтың ғимараты, Валерий Чкалов көшесі, 75 құрылыс.

Шекаралары: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы.

».

көрсетілген шешімнің қосымшасының 11-ші жолына сайлау учаскесінің заңды мекенжайының өзгеруіне байланыстыкелесі өзгеріс енгізілсін:

«

11.

 

№ 256 сайлау учаскесі

Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Тасшалқар ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Біржан сал көшесі, 7А құрылыс.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Тасшалқар ауылы.

».

  1. Біржан сал ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруіне және Ақсу ауылының таратылуына байланысты № 269 сайлау учаскесі жабылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Біржан сал ауданының әкімі

 

                      Б. Касенов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Біржан сал ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы