Прокуратура органдарының кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюды қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің практикасына цифрлық құралдарды енгізу мақсатында Бас прокуратура «Мобильдік прокурор» мобильдік қосымшасында мамандандырылған модуль әзірлеп, іске қосты.
Оның көмегімен кәсіпкерлер құқықтардың бұзылуы туралы хабарламаларды уақтылы жеткізе алады және қажет болған жағдайда растайтын материалдарды (құжаттар, фотосуреттер, бейнефайлдар) жібере алады.
Енді бизнеске прокуратураның Call-орталықтарының немесе мобильді топтарының байланыстарын іздеудің қажеті жоқ, барлық қажетті функциялар бір қосымшада жинақталған. Өтініштерді цифрлық түрде беруден басқа, қосымшада «Прокурорға қоңырау шалу» функциясы бар, ол іске қосылған кезде қоңырау автоматты түрде тиісті аймақ немесе сала бойынша жауапты прокурорға жіберіледі.
Осыған байланысты, аудан аумағында орналасқан барлық субъектілердің назарына аталған қосымша бойынша («Мобильді прокурор») кез келген уақытта прокуратура органдарына хабарлама жіберуге болатындығын жеткіземіз.