22 тамыз ауданда лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.
Жаттығудың мақсаты – лаңкестік қауіп-қатер кезінде өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
Жаттығу кезінде шектеу шаралары қолданылады. Осыған байланысты азаматтарды өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі аймақтық жедел штаб.