Ауданда мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері мен өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік сатып алулар саласындағы мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар өткізілді.
Кездесу барысында қолданыстағы заңнама нормаларын қолдануға қатысты өзекті мәселелер, жиі кездесетін заңбұзушылықтар мен олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Семинарда спикері болған Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Хамитов Мұхамед Жәнібекұлы, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін белгіленген ережелерге сәйкес сақтау жөнінде практикалық ұсыныстар берді.
Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралардың мемлекеттік сатып алуларды сапалы және ашық түрде жүргізуге ықпал ететінін атап өтті.