Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде. Биыл 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Президент тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.

Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады. Ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

Дата публикации
31 июля 2023
Дата обновления
31 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін
Ақпарат
20 июля 2026
Краснофлот ауылының сайланған әкіміне куәлік тапсыру
Ақпарат
14 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты