Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын
2024 жылдың 16 маусымға тағайындау туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 113-1 баптарына сәйкес, «Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы № 18/16 қаулысына сәйкес 2024 жылдың 16 маусымға Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы