"Шомылдыру рәсімі": Ақмола облысында 42 шұңқыр ұйымдастырылады

"Шомылдыру рәсімі": Ақмола облысында 42 шұңқыр ұйымдастырылады

18-19 қаңтар аралығында Ақмола облысының аумағында "шомылдыру рәсімінен өту"мерекесіне байланысты іс-шаралар өткізіледі. Статистика көрсеткендей, өңірдің су айдындарында жыл сайын 18 мыңнан астам адам шомылады.

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар шомылу үшін 42 ресми орын құруды жоспарлап отыр (Қосшы қаласында, сондай-ақ Қорғалжын ауданында өткізу жоспарланбаған).

Көрсетілген күндері ТЖ департаментінің күштері құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шомылуға қатысушыларға уақтылы медициналық көмек көрсету бойынша тәулік бойы күшейтілген кезекшілікті жүзеге асыратын болады.

Облыс бойынша жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу орындарына ТЖ департаментінен жеке құрамның 117 адамы және 37 бірлік техника тартылатын болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күтпеген жағдайлар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында "Иеміздің шомылдыру рәсімі"православиелік мерекесін қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шаралар кешені пысықталды.