Балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді!

Балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді!

🎉 Балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді!

Бүгінгі таңда Степняк қаласындағы Чапаев және Біржан сал көшелерінде орналасқан балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары толықтай аяқталды.

Жасалған келісімшарт міндеттемелерін орындау аясында ойын конструкциялары мен абаттандыру элементтері толық көлемде орнатылып, балалардың игілігіне берілді. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты бағытталды.

Осы жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырғаны үшін «Қабдуллин» ЖК ұжымына атқарған еңбегі мен қаламыздың көркейіп, балаларымыздың бос уақытын тиімді өткізуіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Жаңа ойын алаңдары бүлдіршіндеріміздің қуанышты мекеніне айналып, әрдайым балалардың күлкісі мен шаттыққа толы болсын! 🤗🌿