
Құрметті Степняк қаласының тұрғындары!
Степняк қаласындағы кейбір сайлау учаскелерінің шекаралары мен орналасқан жерлерінің өзгергені туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
Сайлау процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және дауыс беру кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында төмендегідей өзгерістер енгізілді:
1. №263 және №266 сайлау учаскелері біріктірілді.
Біріктірілгеннен кейін сайлау учаскесінің шекарасына бұрын №263 және №266 сайлау учаскелеріне қараған аумақтар енгізіледі.
Біріктірілген сайлау учаскесінің орналасқан жері: «Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі».
2.№267 және №265 сайлау учаскелері біріктірілді.
Біріктірілген учаске құрамына бұрын №267 сайлау учаскесіне қараған аумақтар, оның ішінде Сейтбаттал Мұстафин, Мәншүк Мәметова көшелері және Пригорхоз ауылы енгізілді.
Біріктірілген сайлау учаскесінің орналасқан жері: «Степняк қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі».
3. №264 сайлау учаскесінің орналасқан жері өзгертілді.
№264 сайлау учаскесі КГУ «ДЮСШ» ғимаратынан Біржан сал ауданының білім бөліміне қарасты «Оқу Өндірістік Комбинатына» КММ ғимаратына көшіріледі.
Учаскенің шекаралары мен сайлаушылар саны өзгеріссіз қалады.
Степняк қаласының тұрғындарынан аталған ақпаратты назарға алып, дауыс беру кезінде енгізілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Біржан сал ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сондай-ақ олардың орналасқан жерлері туралы ақпарат аудандық «Вести Енбекшильдерья» газетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №54 және «Еңбекшілер жаршысы» газетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №53 жарияланды.
Сонымен қатар, барлық сайлаушылардың тұрғылықты мекенжайларына сайлау учаскесінің нөмірі көрсетілген шақыру қағаздары жеткізілуде.
Сондай-ақ, өзіңіздің сайлау учаскеңізді интернет арқылы алдын ала тексеруге болады.
ЖСН бойынша дауыс беру учаскесін іздеу:
https://sailau2026.gov.kz/kk
Тұрғындардан өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жерін алдын ала тексерулерін сұраймыз.