Жер қатынастар саласындағы қызметтер

Жер қатынастар саласындағы қызметтер

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда жер пайдалануға байланысты бірқатар базалық Мемлекеттік қызметтер цифрландырылды. Жер қатынастары саласындағы  3 негізгі рәсім БМҚК жүйесі және электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылды. Олар: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, оны жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату, жалға алу мерзімін ұзарту.

Енді меншік иелері мен жалға алушылар жер учаскесінің  мақсатын қашықтықтан өзгерте алады — мысалы, егер жер ауылшаруашылық мақсатта берілсе, ал меншік иесі құрылысты жоспарлаған жағдайда. Өтініш мемлекеттік органдарға жеке жүгіну қажеттілігінсіз онлайн беріледі.

Жалға алуды ұзарту қызметі де электронды түрде қол жетімді болды: Шарттың аяқталу мерзімі жақындаған кезде өтінім интернет арқылы оның аяқталу күніне дейін 90 күннен кешіктірілмей ресімделеді.

Сонымен қатар, жер учаскесін жеке меншікке сатып алу рәсімі цифрландырылды. Жерді сатып алуды онлайн режимінде — бір реттік төлеммен де, бөліп төлеу арқылы да жасауға болады, бұл жалға беруден меншік құқығына көшуді жеңілдетеді.

Жаңа сервистер жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының (БМҚК) ақпараттық жүйесін, электрондық үкімет порталын және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарын интеграциялау есебінен іске асырылды. Бұл өтініш берушілерге құжаттарды қашықтан тапсыруға және жүйеде өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді.