Салымшылар «БЖЗҚ» АҚ-нан ақпаратты қалай ала алады?

Салымшылар «БЖЗҚ» АҚ-нан ақпаратты қалай ала алады?

Өзiнiң зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу — БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының заңнамамен бекiтiлген құқығы. Өз зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпарат алғысы келген әр адам:

•БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне өзi келiп өтiнiш жасауы керек;

•Электрондық тәсiлмен, атап айтқанда:

– БЖЗҚ-ға берiлген электрондық пошта мекенжайы арқылы зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi салымшы (алушы) өзi таңдап алған кесте бойынша: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын алады.

– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен парольдi пайдалана отырып, Жеке кабинет арқылы;

– электрондық үкiмет порталындағы Жеке кабинет немесе салымшының (алушының) mGov мобильдi азаматтар базасына тiркелген ұялы телефон нөмiрiне жiберiлетiн бiржолғы sms-парольдi қолдану арқылы;

•дәстүрлi пошта қызметi тәсiлдерiнiң бiрiн пайдаланып, оған оп-оңай қол жеткiзе алады.

Ақпарат алу тәсiлiн таңдау үшiн салымшы БЖЗҚ кеңсесiне жеке басын куәландыратын құжатпен келуi тиiс. Электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда, enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ақпарат алу тәсiлiн өз бетiмен таңдап не өзгерте алады.

Әу баста салымшылардың көпшiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған кезде дәстүрлi пошта қызметi арқылы ақпарат беру тәсiлiн таңдайтын едi. Алайда ақпарат берудiң бұл тәсiлi салымшылар үшiн қолайсыз болды. Себебi, ақпарат берудiң мұндай тәсiлi жылына бiр-ақ рет жүзеге асырылатын. Оның үстiне, мекенжайыңыз ауысқан жағдайда БЖЗҚ-ны мiндеттi түрде хабарландыру керек болды. Егер оны жасамасаңыз, БЖЗҚ одан әрi зейнетақы жинағыңыздың жай-күйi туралы ақпарат бермеуге құқылы болатын.

2020 жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша шамамен 1,3 млн адам жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпаратты дәстүрлi пошта байланысы, ал 858 мыңнан аса адам электрондық пошта арқылы алды.

Салымшылар кеңсеге өзi келiп өтiнiш беретiн тәсiл де аса танымал, 3 млн аса ЖЗШ иегерi қажеттi ақпаратты тiкелей БЖЗҚ кеңсесiне келiп алған екен.

Десек те, ең танымал әдiс — интернет-хабарландыру тәсiлi. Шамамен 5,7 млн салымшы ақпарат алудың осы бiр ең қолайлы да жедел түрiн таңдаған. Жалпы алғанда, қашықтан көрсетiлетiн сандық сервистердi енгiзу нәтижесiнде БЖЗҚ-ның 90% астам қызметi онлайн түрде көрсетiледi.

Зейнетақы жинақтары туралы мәлiмет алудың мұндай тәсiлiнiң артықшылығы: салымшы ақпаратқа «24/7» режимiнде (тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн), тұрғылықты тұратын жерiне қарамастан кез келген жерде қол жеткiзе алады.

Барлық қызметтердi смартфон немесе планшет арқылы алып дағдыланған және ақпарат алудың осы тәсiлiн ең қолайлы деп есептейтiн БЖЗҚ салымшылары үшiн қарапайым әрi қомақты қызмет түрлерiн көрсете алатын ENPF ұялы қосымшасы iске қосылған. Ол Google Play немесе AppStore-да қазақ және орыс тiлдерiнде қолжетiмдi.

Ұялы қосымшаға тiркелу үшiн сiздiң ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жiберiлетiн бiржолғы парольдi пайдалануға болады. Ұялы қосымшада авторланудың екi тәсiлi қолжетiмдi: ЖСН енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану. Сондай-ақ, ұялы қосымшаңызда бар болған жағдайда, кейiн Android және IOS үшiн Touch ID, IOS үшiн Face ID арқылы кiруге болады.

+7 777 000 1418 нөмiрi бойынша What’s Арp сервисiнiң көмегiмен Қор маманына хат жолдап, өзiңiздi қызықтырған ақпаратты ала аласыз. Жоғары сұранысқа ие қызметтердiң қатарына Telegram-bot-ты да қосуға болады, оның көмегiмен шағын үзiндi көшiрме алу немесе оны электрондық пошта мекенжайына жiберу қарастырылған. Айтпақшы, осы сервистiң көмегiмен Сiз өз Жеке кабинетiңiздiң паролiн қалпына келтiрiп, өзектi жаңалықтармен және Қордың ағымдағы көрсеткiштерiмен таныс аласыз. Жақын жерде орналасқан БЖЗҚ бөлiмшелерiн де осы сервис арқылы бiлуге борлады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz