Атбасар ауданының әкімі Кенеш Әлімжановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Атбасар ауданының әкімі Кенеш Әлімжановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы ханымдар!

         Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

         Әйел-аналардың қай заманда болсын өмірдің кез келген саласында өзінің лайықты орны бар.

         Біздің аналарымыз, аруларымыз тек отбасының ұйытқысы ғана емес, олар – бүкіл қоғамды алға сүйреп, ел ынтымағын нығайтып, несібесін молайтып жүрген қуатты күш.

         Әдеміліктің символы болған әйел – әлемнің тірегі. Мейірімділік шуағы Анадан тарайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Сіздерден бастау алып,  отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиешісі болып отырсыздар.

         Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл мен даналық  бізге үлкен сенім мен жігер сыйлайды.

         Жүздері күннің шуағындай жылы, тұла бойына сұлулық тұнған, айдай ажарлы жайнаған аруларымыз бүгінде барлық салалада жемісті еңбек  етіп, ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосуда.

         Перзенттерін дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанып Батыр Ана болып отырған ардақтыларымыз Сіздерсіздер!

Құрметті ханымдар!

         Сіздерге баянды бақ, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!

         Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен

Атбасар ауданының әкімі                                

К.Әлімжанов