2024 жылдың 11 айында Ақмола облысында 1 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл туралы филиал басшылығы 17 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Филиал директоры Ерлан Сламханұлы Дауылбаев айтып өткендей, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 516 мыңнан астам қызмет көрсетілді, ал 608 мыңнан астам қызмет Азаматтарға өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы дербес көрсетілді. Қызметтердің негізгі бөлігі әлеуметтік блок аясында ұсынылды. Мәселен, 11 айда өңірдің 321 мыңнан астам тұрғыны төлем алды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 13% - ға артық.
Сондай-ақ, филиал 600-ден астам жаңа компанияларды тіркеп, заңды тұлғаларды тіркеу саласында 2,5 мыңнан астам қызмет көрсетті, бұл өңірдің экономикалық белсенділігінің өскенін көрсетеді.
АХАТ желісі бойынша өңірде 9 мыңнан астам туу, 6,5 мың өлім, 4 мыңға жуық неке және 776 ажырасуды қоса алғанда, 20 мыңға жуық азаматтық хал актілері жазылды. Брифинг барысында спикерлер Көкшетауда шілде айынан бастап қызмет алушылар үшін салтанатты неке қию рәсімі қызметі қолжетімді екенін еске салды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы филиал Жер кадастры желісі бойынша 22 мыңнан астам қызмет көрсетті, оның ішінде учаскелердің шекараларын ресімдеу, жобаларды әзірлеу және топографиялық түсірілімдер жүргізу, сондай-ақ ғимараттарды техникалық тексеру бойынша 17 мыңнан астам қызмет көрсетілді.