Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тегін білікті заң көмегін көрсету туралы хабарландыру

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тегін білікті заң көмегін көрсету туралы хабарландыру

Құрметті азаматтар!

        2024 жылғы 25 сәуір сағат 11.00-ден бастап -сағат 13.00-ге дейін су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тегін білікті заң көмегін көрсету мақсатында Есіл ауданының ауданаралық Әділет басқармасы жеке сот орындаушысының, нотариустың және адвокаттың қатысуымен Атбасар ауданының әкімдігінде Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. (Атбасар ауданы әкімдігінің ғимараты).

 

Есіл ауданаралық Әділет басқармасы