22 сәуірде Ақмола облысы Атбасар ауданына Тәжікстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді.

22 сәуірде Ақмола облысы Атбасар ауданына Тәжікстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді.

Құрылыс материалдары мен басқа да қажетті заттарды қамтитын гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Душанбе мен Худжандыдан жіберілді.

Салтанатты рәсімде Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ибодзода Хайрулло өз сөзінде бауырлас қазақ халқына көмек Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тікелей тапсырмасы бойынша көрсетілгенін атап өтті.

Өз кезегінде Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов облыс әкімінің атынан және барлық қазақстандықтардан тәжік халқына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.