Назар аударыңыз! ЖАБАЙ, ЕСІЛ, ЖЫЛАНДЫ, ШОРТАНБАЙ ӨЗЕНДЕРІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Назар аударыңыз! ЖАБАЙ, ЕСІЛ, ЖЫЛАНДЫ, ШОРТАНБАЙ ӨЗЕНДЕРІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Ақмола облысының су объектілерінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес 2023 жылғы 12-14 наурыз аралығында Атбасар, Шуйское, Новосельское, Смирновка, Пригородное, Магдалиновка, Сергеевка, Ащыкөл, Полтавка, Самарка, Титовка, Покровка, Борисовка, Садовое, Сепе елді мекендері маңындағы өзен арналарында осы іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Аталған кезеңде аталған елді мекендердің жанында жарылыстар естіледі, ал жергілікті жерлерде жарылыстар мен өзендердің ашық учаскелері бар мұз блоктарының үйінділері болады.
Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеулеріңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, кептеліс құбылыстарын азайту және су тасқынын кедергісіз өткізу үшін өткізіледі!
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында осы учаскелерде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұзға шығуға тыйым салынады!
Ата-аналардан балаларды және олардың орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұраймыз. Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіздер, әсіресе мұз жүру кезінде.
Төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарласыңыздар.