2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қатысушыларға (әлеуетті Операторларға) өтінімдер қабылдау

2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қатысушыларға (әлеуетті Операторларға) өтінімдер қабылдау

Атбасар ауданының әкімдігі «Көктемгі дала және күзгі дала жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін операторды айқындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 30.01.2023 жылғы №8 Атбасар ауданы әкімінің өкімі негізінде, 2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қатысушыларға (әлеуетті Операторларға) өтінімдер қабылдауды жариялайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі 31.01.2023 жылдан бастап 10.02.2023 жылға дейін.

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс органы болып табылады.

Қатысушылар (әлеуетті Операторлар) құжаттар топтамасын мынадай талаптарға сәйкес ұсынады:

1) салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

2) мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқтығы туралы банктен анықтама;

3) мүлікке ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтама;

4) қаржы қаражатының болуы туралы Оператордың банктік шотынан үзінді көшірме не бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада кредит желісін ашу туралы екінші деңгейдегі банктен ниет хат;

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы;

6) қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензовоздардың болуы;

7) автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім;

8) дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

9) әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы жұмыс органына апта сайын ақпарат беруге міндетті.

Оператордың кепілдендірілген дизель отынын жеткізу бойынша мониторингті жұмыс органы жүргізеді.

Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген өлшемшарттардың әрқайсысына сәйкестігін негізге ала отырып, жай көпшілік дауыспен балдық жүйе бойынша Операторды айқындайды.