АСТАНА. ҚазАқпарат-Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Талғат Ерғалиевтің ҚР Конституциясымен және "ҚР сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.
ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман ҚР Президенттігіне кандидат ұсынған Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес "Қазақстан құрылысшылар одағы" Республикалық заңды тұлғалар бірлестігі "ҚР сайлау туралы"Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес келмейтінін хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Талғат Ерғалиевтің оған ҚР Конституциясымен және "ҚР сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.
ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін көрсету департаментінің директоры Алан Тіленчиев құрылысшылар одағы - заңды тұлғалардың бірлестігі екенін түсіндірді.
"Бұл әртүрлі формалар", - деп қосты ол.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Талғат Ерғалиевтің оған ҚР Конституциясымен және "ҚР сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.
Бұған дейін ҚР ОСК Хайрулла Ғабжалиловтың ҚР Президенттігіне кандидатурасының заң талаптарына сәйкестігін растаған жоқ.